шаблоны для dle, uaBIG.com - инструменты для вашего сайта
"Тарақты" руының ресми сайты | Официальный сайт рода "Тарақты"
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Тұяқ шешен
  • Добавлено: 10-06-2014, 13:43
  • Раздел: Информация
  • Опубликовал: tarakty

АҢДАТПА Кең дала-атамекенін көзінің қарашығындай қорғаған қазақ халқы бірнеше ғасыр арман болған тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап саяси-экономикалық һәм рухани түлеу, жаңғыру жолын берік қалады. Рухани тұрғыдан қайта жаңғырудың бір белгісі – өткенді түгендей, сұрыптай отырып, оны келешекке аманат ету. Мұндай үрдісті халқымыз «Өткенге – салауат, болашаққа - аманат» деген мәйек сөздің ұғымына сыйдыра білген. Өзінің өткен жолын, тарихта болған оқиғалар мен тұлғаларды танып білуге деген құштарлық – қай халықта болмасын орын алатын рухани ұмтылыс. Бұл ұмтылыс тәуелсіздік туы желбіріген уақыттан бастап арта түсті. Халқымыз өзінің шыққан тегін, қазақ халқын құраған ру-тайпалардың тарихын, ел жадында сақталған тұлғаларды танып-білуге ұмтылып, өзін-өзі тану жолын үлкен қарқынмен, қызу екпінмен бастады. Ел екпінін Елбасы да, үкімет те қолдап, арнайы бағдарламалар қабылдады. Олардың ішіндегі ең ірісі – «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» атты бағдарламалар. «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде рухани мән-маңызы мол қыруар істер атқарылды. Қазақ тарихына қатысты шетелдік мұрағаттар материалдары арнайы ғылыми зерттеу институттарына жеткізілді, археологиялық қазба жұмыстары жанданды, халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілері жүз томдық «Бабалар сөзі» атты жинаққа кірді, қазақ әдебиеті тарихының 10 томдығы жарық көрді. Міне, бұлардың барлығы халқымыздың рухани жаңғыруына, баюына кең жол ашып, қазақ тарихына жаңаша көзқарас қалыптасты. Туған елдің рухани дамуы жолындағы істер мұнымен тоқталып қалмақ емес. Ол өзінің жалғасын таба береді. Себебі мәдени даму бірыңғай тау қопаратындай толағай үлкен күштермен емес, тірнектеп жинаған ірілі-ұсақты, шағын көлемді істермен де атқарылады. Оны жалпақ сөзбен, кешегі Алаш азаматтары үндеу еткен «ұлт ісі» деп атаса болады. Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлт ісі деген – ұлы жұмыс. Ұлт ісін ұлт болып өзі істемесе, өзі жөндемесе істелмейді де, жөнделмейді де, әр жұрт өз ісін өзі істеп, өзі жөндеп апара алса, жұрт болмақ. Жұрт ісінен кімге де болса жұмыс табылады. ...Көп ісіне көп болып жабылайық. Ұлтына қызмет етуге ниет болса, жұмыс табылғандай. Көп жұмыстың ішінде ауыры да, жеңілі де болады. Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ. Әркім әлі келетін жұмыс алсын. Жадымызда болсын, аз нәрсе көпке сеп болмақшы. ... Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет»,- деп 1913 жылы «Қазақ» газетінде үндеу тастаған болатын. Сол үндеуге міне, жүз жыл толып отыр! Бірақ ол өз күшін әлі жойған емес. Жойылмай қала беретін де шығар. Өйткені ұлт ісі – үнемі күреспен, тынымсыз тірліктің арқасында ғана қатардан, дамудан қалып қоймайтын қам-қарекет. Осы орайда, қолдарыңыздағы кітап «ұлт ісіне» шама-шарқымызша үлес қосуға ұмтылған қам-қарекеттің бір көрінісі. Мұнда ХІХ ғасырда өмір сүрген Тұяқ шешеннің артында қалған өнегелі сөздердің тағылымына көңіл қою, оның шыққан тегінің тарихын бағамдау, ата-бабалар есімін ардақтау жұмыстарына қатысты бүгінгі таңдардағы іс-әрекеттерді насихаттау көріністері басымдылық мәнге ие болған. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Таным» деп аталып, оған Тарақты тайпасының тарихына қысқаша шолу, Тұяқ шешеннің мұрасын, тағылымын талдау енген. Ал «Тағзым» атты екінші бөлімде ата-бабалар рухына бағытталған шығармашылық ізденістер үлгілері, ата-бабалардың есімін ардақтау, олардың өнегесін насихаттау жұмыстарына қатысты атқарылған іс-әрекеттер барысы баяндалады.
Тұяқ шешен
ТАРАҚ ТАҢБАЛЫ ТАРАҚТЫ (қысқаша тарихи-шежірелік шолу) Халықтың ауызша тарихнамасында Үш жүз қазақтың түп аталары Байшора, Жаншора, Қарашора, енді бірде Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деген кісілерден тарайды. Олар бірде бір кісінің балалары болса, енді бірде үш атақты бидің балалары болып саналады. Түркі халықтарының тілінде «шора», «арыс» атты сөздер белгілі бір басшыға (ханға) немесе батырға «әскери серік, көмекші жігіт» деген мағына береді. Айталық, шора (кейде қазақша дыбысталуы «жора») – қазақ, қырғыз, башқұрт, татар тілдерінде «жолдас, жігіт» дегенді білдірсе, «арыс» сөзінің мағынасы «тіреу, тірек» деген ұғымға тіреледі. Арбаның атқа жегілетін белдігі «арыс» деп аталады, яғни ол арбаны аттың қамытына жалғастыратын тірек, тіреу. Шежірелік аңыздардың баяны бойынша, қазақтардың үш жүзге (үш арысқа) бөлінуі анадан ала болып туғандықтан, елден қуылған хан ұлы Алашаны Майқы би баласы Үйсін, Қотан би баласы Болат, Қоғам би баласы Алшындардың өзара біріге отырып орталарынан хан көтеруімен байланысты қалыптасқан. «...Бастапқы бір келген жүз жігіттің қолбасы, мырзасы Үйсінді «Ұлы жүз Үйсін» атады. Түпқазық салықшы болсын. Жауға шапқанда бұлар шаппасын, тас түйін боп тұрсын десті. Ортаншы келген жүз жігіт қолбасы, мырзасы Болатқожа бұл жүз жігіт тосқауылшы орта буында жүрсін, ханның бақташысы есепті болсын деп, оны Орта жүз «Ақжол» атады. Соңғы келген жүз жігіт қолбасы, мырзасы Алшынды беті қайтпаған жаужүрек, жан қадірін білмейтін кезуілші деп, қарсы алдында жүріп жауға шабатұғын да осылар болсын деп, Кіші жүз «Алшын» деп ат қойды. Кезуілші қашса тосқауылшыға, тосқауылшы қашса салықшыға барады, салықшы қашпайды. Тұрған-тұрған жерінде өліп қалуға бар, көндімбай, көнтерілерді қойса керек. Қазақтың үш жүз аталған жері - осы. Бұрынғы заманда қазақтың Жүз деген де аталарының аты болса керек. Алаш деген де аталарының аты болса керек. «Жүз» атты ұруға, «Алаш» деген атты ұранға қойып, жауға шапқанда «Алаш, алаш» деп шабыңдар, «Алаш, алаш» демегенді әкең де болса ұрып жық деп бата қылысыпты. Кеше «Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік» деп айтылған сөз содан қалды. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, жұрт болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген »,- деп жазады шежіреші Мәшһүр Жүсіп. Сол Үш жүз іштей бірнеше атаға бөлінеді. Ол аталардың жалпы саны кейде тоғыз, кейде он екі атаға тіреліп отырады. Бұл кездейсоқ сандар емес. Мысалы, «Моңғолдың құпия шежіресінің» айтуынша, Шыңғыс қаған сайланған уақытта сол сайлауға қатысқан тоғыз тайпаның құрметіне тоғыз баулы ту көтеріледі. Ал қазақ, башқұрт, қарақалпақ халықтарының аңыздары бойынша, Шыңғысты хан етіп сайлауға 12 би барған. Еділ мен Жайық арасында хандық құрған Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңірдің жанында 12 (халық ақындарының шығармаларында тоғыз ) бидің болуы – ауызша тарихтың саяси дәстүрді қалыптастырғанының бір көрінісі. Олай болса, қазақтың Ұлы жүзі «Ақарыс», Орта жүзі «Бекарыс», Кіші жүзі «Жанарыс» болып аталып, ұзын саны он екі ата (кейде тоғыз) болып келетін ру-тайпаларының топтасуы - орталықтанған жүйеге-хандыққа тіреу болуға талпынысының, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» бірлікке ұмтылысының, ел-жұрт болып қалыптасу тарихының халық санасындағы жаңғырығы. Қазақ шежіресін зерттеу ру-тайпалардың бірігу процесін саяси-әлеуметтік, экономикалық, географиялық жағдаяттарға байланысты ішкі факторларды, сонымен қатар сыртқы ел факторларының әсері мен ықпалын назардан тыс қалдырмай, кешенді түрде қарастыруды талап етеді. Ішкі саяси факторлар елді басқарған хан-сұлтандар, би-көсемдердің іс-әрекетінен, қабылдаған шешімдері мен талабына байланысты туындап отыратыны жалпақ жұртқа белгілі ақиқат. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ ру-тайпаларының бірігуіндегі Шыңғыс тұқымдарының саяси қадамдары мен іс-әрекеттері зерде нысанынан тыс қалып қоятын кездері көп. Мұны кезінде шежіреші-тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлы байқаған болатын. Ол түрік, қазақ халқының тарихына арнаған атақты еңбегін «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» деп атады, яғни хандардың көшпелі ру-тайпалардың жұрт болып қалыптасуы жолында атқарған іс-әрекеттерін, тарихын жазуды қаперінен шығармады. Мысалы, ол А.Левшин еңбегіне сүйене отырып, Жеті руды Кіші жүзге қосқан Әз-Тәуке хан еді деп жазады . Бұл мысалдарды талдап отырған себебіміз мынада: біздің тарапымыздан сөз етілетін Тарақты руының тарихы ру-руға бөлініп жүрген тайпалардың басын біріктіріп, ел-жұрт, мемлекет құруға ұмтылған Шыңғыс ұрпақтарының (хандардың) саяси іс-әрекеті мен қадамдарымен тығыз байланысты болғанын тілге тиек ету үшін қажет болды. Әлқисса, Тарақты – қазақтың ауызша тарихнамасында Орта жүздің құрамына кіретін ру. Ел арасына тараған шежірелік деректер Тарақтыны алты ата (арғын, найман, қыпшақ, қоңырат, керей-уақ, тарақты) Орта жүздің бір баласы деп айтса, енді бірде Арғын ішіндегі бір ел деп таниды. Мысалы, Шәкәрім қажы: «Орта жүз арғынның ішінде тарақты деген ел бар. Оның нәсілі кім екенін ешкім анықтап білмейді. Қазақ ішінде тарақты арғынның ноқта ағасы деген бір сөз бар, соған қарағанда тарақ таңбалы болып арғыннан бөлінген бір тап болса керек. Тарақты он екі ру: бәйбішіден төртеуі: Әлі, Сары; Қыдыр, Жәші және бір қатынынан: Әлеуке, Көгедай, Апай, Тоқтағұл, ең кіші қатынынан: Бөгеші, Бұлдырық, Айти, Қосанақ» ,- дейді. Заманында қазақтың аса оқымысты кісілерінің бірі болған атақты ақынның бұл тұжырымында сыни зердеден тыс қалып, ескерілмей қалған бір уәж бар сынды. Ол – тарақ таңбалы рулардың көнеден келе жатқан тарихы. Тарақ таңбасы – қазақ рулары Үш жүз болып қалыптаспай тұрған ерте заманнан келе жатқан белгі-естелік, қазіргі ұғыммен айтсақ, құжат. Н.А.Аристов 1896 жылы «Живая старина» журналында жариялаған «Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей» атты этнографиялық зерттеуінде Тарақтының Орта жүздің жеке рулары қатарына қосып, оның 12 атадан тұратынын жазады . Қазақ шежіресі туралы еңбек жазған орыс зерттеушілеріне дерек берген атақты М.Шорманов Орта жүздің 8 тайпадан тұратынын, оның төртеуі-қыпшақ, арғын, найман, қоңыраттар некелі әйелінен, ал төртеу- керей, уақ, тарақты, төлеңгіт некесіз әйелінен туған балалардан тарайтын ру деп атайды және соңғыларының осылайша аталуына оларда адам санының аздығы, жан-жаққа шашырай қоныстануы себеп болған деп түсіндіреді. Кеңес кезеңінде Орта жүз тайпаларының құрамы мен жайлаған қоныстары туралы арнайы зерттеу еңбек жазған тарихшы ғалым М.Мұқанов Тарақтының жеке тайпа болатындығына басты айғақ ретінде Арғын одағына кіретін басқа рулардың таңбаларына ұқсамайтын тарақ таңбасы басты дәлел деп есептейді . Таңба – тайпалардың нышаны, белгісі (символы) болып табылады. Ол - халықтың мифологиялық, дүниетанымдық әлемінен нәр алатын образдық бейненің суреттік формасы. Таңба (ен) мал-мүлікке, бейіт басындағы көктастарға, қасиетті орындарға бедерленеді. Түркі халықтарында ру-тайпаларға атау беру, таңба үлестіру, енші беру – тарихтың көне қойнауынан келе жатқан үрдіс. Бұл үрдісті Көк түркілер, Оғыз мемлекетінде, Шыңғыс хан империясында, Қазақ хандығында орын алған тарихи оқиғалар арқылы терең талдауға болады. Арғы тарихты былай қойғанда, орта ғасырдағы Шыңғыс қағанның тұсы, халықтың шежірелік аңыздары бойынша, ру-тайпалардың таңба, қоныс, ұран алған кезеңі болып саналады. Шежірелік аңыздар қазақтың беделді ру-тайпаларына даңқты қаған тарапынан руға таңба, ұран, ағаш, құс үлестіргені айтылады. «Біздің қазақтың ескі сөзінше, -деп жазады шежіреші Шәкәрім, - бұл Шыңғыс тауының Шыңғыс атанғаны баяғыда Шыңғыс хан тамам моңғол-татарларды алып үлкен хан болғанда, осы Шыңғыс тауында қол астындағы елдердің тап басы бектері келіп, мына Қарауыл өзенінің күншығыс жағындағы хан биігінің басына ақ киізге салып, хан көтеріп Шыңғысты алып шыққан. Сонда Ұлы жүз қазағынан Үйсін Майқы би барған екен. «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» деп мақал болған кісі. Орта жүзден Қоңырат Сеңгеле би барған, сонда Шыңғыс хан бектеріне ұран, құс, ағаш, таңба беріпті. Ұлы жүз Майқы биге таңбаң «сүргі», яғни «малатемір» болсын, құсың «бүркіт» болсын, ағашың «қара ағаш» болсын, ұраның салауат болсын депті» Бір қызығы, Шәкәрім «сүргі» таңбасын суреттік сипатын «үш айырлы тарақ, найза» бейнесінде көрсетеді . Олай болса, біздіңше, «сүргі немесе малатемір» - тарақ сөзінің қазақтың кең даласының әр жеріндегі сөйлеу ерекшелігіне байланысты туындаған атау. Ал халық танымында Майқы би қазақтың Үш жүзін құруға айрықша атсалысқан кісі екендігін ескерсек, Шыңғыс қаған тарапынан берілген үш айырлы тарақ таңбасы аясында қазақтың басы біріккен ел деген тұспал қылаң беретіндей... Бұл – бір. Екіншіден, Ұлы жүз Абақ, Тарақ болып екі атаға бөлінеді. Мұндағы Тарақ (сол сияқты Абақ та) таңба атауы екені сөзсіз. Бұл белгі-дерек Ұлы жүздің бір атасы тарақ таңбалы одаққа біріккенін айғақтайды. Тарақ таңба Кіші жүздің ірі тайпасы Табындар арасында да бар. Осы тұста мынадай бір қызық штрихты атап өтуге болады. Қазақтың Табыны мен башқұрттар арасындағы Табын руы бір ел екені сөзсіз. Башқұрт Табындарының да таңбасы тарақ болып келеді және олардың арасында да Майқы би туралы аңыз сақталған. Онда ол Шыңғыс заманында Орал тауының Миадак жерін жайлап, Миасс өзенінің бойында көшіп-қонып жүрген Қара Табын руының түп атасы болып саналады. Қара Табын Майқы би Шыңғыс ханға сыйлық апарып бағынып, оның серігі болып, бір арбада жүретін құқыққа ие болады. Шыңғыс хан оған жайлайтын жер, ұран (Салауат), ағаш (қара ағаш), құс (қырғи) береді. Башқұртта Қара Табын Майқы мен қазақта Үйсін Майқы бидің Шыңғыс заманынан елдің ұйтқысы болып, тарақ таңбаға ие болуы көп нәрсені аңғартса керек. Олай болатын болса, түркі жұрты ортақ, тарихы терең көне тарақ таңбалы жұрттың Арғыннан бөлінген ру деп тану қисынға келмейді. Ауызша тарихтың бір ерекшелігі – соңғы ақпарат бұрынғы деректі «таспен ұрады», яғни көнені жойып, жаңаны орнатады. Бұл орайда, Орта жүздің бір атасы Арғын ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың саяси сахнасында беделді руға айналғанын ескермей кетпеуге болмайды. Арғыннан шыққан Қаракесек Қазыбек би, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Олжабай сынды батырлар - қазақ-қалмақ соғысында үлкен қажыр-қайрат, ерлік танытқан тұлғалар. Атақты Абылайдың хан тағына көтерілуіндегі алғашқы саяси қадамдары Арғын руларының ішінде (Атығай-Қарауылда) басталған болатын. Сондықтан Арғын руы қазақтың танымында Орта жүзге ұйтқы ру ретінде танылып, оның жанына өзге рулар жиналады. Бұған дәлел ретінде Арғын ішіндегі Қаракесек руын атауға болады. Қаракесек – Кіші жүздегі Әлімнің бір атасы. Арғынға қазақ рулары жоңғар шапқыншылығы кезінде көшіп-қонатын қоныстары сапырылысып кеткен аласапыран заманда географиялық тұрғыдан Орта жүздің қонысына кіріп, Арғын одағына бірігіп кеткен. Ал атақты Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларындағы шежіреде тарақты Арғынның қызынан туған жиен деп аталады. «Естіген құлақтың жазығы жоқ»: Арғын апасы қыз күнінде оң жақта отырып, бір төремен айқасып қалып, еркек бала тауып: «Бұл қалай?»–деушіге дәнеме дей алмай, шашын тарай берген екен. Сонан баланың аты «Тарақты» қойылып: «Төре жоқта Тарақты төре болуға жарайды» – деген де сөз бар»,- деп жазады Мәшекең. Ата тегі тек ұл баладан тарайтын патриархалды тұрмыстың ақиқаты сол – қыздан туған бала жеке ата болып тарамайды. Бұл орайда халық аталмыш тұрмыс шындығын «Жиен ел болмас, желке ас болмас» деген мақал сөзбен түйіндеген және оны жыр-аңыздар мазмұнына арқау етіп, атақты эпос кейіпкерлерінің (Алпамыс, Қобыланды, Ер Сайын т.б.) ата-аналарын ұл балаға зар еткізіп жырлаған. Мәшһүр Жүсіп жазып алған аңыздың деректілік құндылығы –Тарақтының төреге жақындығын баяндауы (төреден тууы) және төре атынан билік жүргізер құқыққа ие болуы (қазақтың саяси танмында «ноқта ағасы»). Тарақтының Арғынға жиен деп тану қисынсыз екенін белгілі тарихшы ғалым Т. Омарбеков былайша тұжырымдайды: «Тарақтының ежелгі және орта ғасырлардағы бабаларына қатысты ғылыми болжамдарымыз және тұжырымдарымыз бұл тайпаның о бастан-ақ өзіндік дербес тарихы болғандығын, оның Арғын одағына кейініректе жиен ретінде тіркелгенін айқын байқатады. Барлық негізгі шежірелер Тарақтыны Орта жүздегі дербес тайпа ретінде көрсетуге тырысқан. Оның үстіне бұл тайпаның бүкіл Орта жүзге «ноқта аға» болып келуі оның дербес тайпа ғана емес, қазақ билеушілеріне-төрелерге жақын тұрған және олардың Орта жүз жеріндегі саясатын нақты жүзеге асыратын едуір беделді тайпа екендігін дәлелдей түседі» Қазақтың шежіре таратуының қисынына келетін таным - Тарақтыны Орта жүздің бір атасы етіп баяндау. Мұндай мазмұндағы шежірелік аңыздар ел арасында сақталған. Онда Тарақты - бәйбішеден тарайтын кенже ұл, ал Орта жүздің өзге аталары кіші әйелдерден тарайды. Бұл әңгімені аңыз былайша баяндайды: «Бекарыстан Ақжол, Ақжолдан Қарақожа туады. Қарқожаның бәйбішесі бір қыз туып, баладан тоқтап қалады. Бұл уақытта екінші әйелінен Арғын, Найман, үшінші әйелінен Қыпшақ, Қоңырат, төртінші әйелінен Керей-Уақ туады. Тарақты бәйбішеден жалғыз және бәрінен кейін туады. Бұл кезде Қарақожаның бәйбішесінен туған, күйеуге берген қызы баласыз болып, үйге қайтып келіп отырады. Қарақожа қартайып қайтыс боларда үлкен ұлы Арғынға: «Тарақтыны ақыретте сенің қолыңнан алайын»,- деп тапсырады. Сөйтіп, Тарақты апасының қолында, ағасының қамқорлығында өседі. Сондықтан кейбіреулер әкесінен жас қалған Тарақтыны апасының қолында өскендіктен «қыздың баласы» десе, енді біреулер ағасының қамқорлығында өскендіктен «Арғынның баласы» деп шатастырады. ...Қарақожаның қарашаңырағы да, тарақ таңбасы да Тарақтыда қалады. Жасы кіші болғанымен, жолы үлкен-мұрагер болғандықтан, Тарақты Арғынның «Ноқта ағасы» болып есептеледі» . Халықтың ауызша дерегі - талай ұрпақтың сүзгі, тезінен өткен, есте жоқ ескі тарихты бейнелі сөзбен жеткізетін мәлімет. Сондықтан аталмыш халықтық деректе Тарақтының Арғын одағында саяси беделінің жоғарылығын, яғни «жолы үлкендігін» шаңырақ иесі болып қалатын кіші баланың отбасылық құқығымен жеткізілген деп таныған жөн. Тарақтының атауы тайпаның таңбасымен тығыз байланысты. Ол таңба – тарақ (айыр, найза). Шешірелік аңыздар ру-тайпаға тарақты атауын батыр кісінің лақап есімі деп таниды. Аңыз бұны былайша баяндайды: «Тарақтының есімі Ақтанберді екен дейді. Ертедегі бір жорықта Ақтанберді жауға бірінші болып ат қойып, ерлік көрсетіпті. Жеңістен кейін қолбасы: «Ей, тарақ найзалы, бері келші!»,- деп қасына шақырып, олжаның басын беріпті. Содан бастап Ақтанберді «Тарақты» атанып кетіпті» . Ендігі бір аңызда Тарақтының шешесі алтын тарақты хан қызы екен, сондықтан Тарақты атанып кетіпті делінеді . Аңыздар - халықтың тарихи жады ретінде жұртшылықтың өткенге деген зор қызығушылығын тудыратын және көне деректерді қайта жаңғыртып отыруға ұмтылатын ауызекі әңгіме. Сондықтан әрдайым ол көнеден келе жатқан көне деректі «жандандыруға» ұмтылып отырады. Бұл орайда шежірелік аңыз тарақ таңбаны «жандандыруға» әрекет етіп, оны кісі есіммімен байланыстырып, тарихи мәнін тереңдетуді көздеген. Осылайша, қазақ арасына кең тараған кісі есімінің аталуы (Ақтанберді), оның соғыста ерлік көрсетуі шежіренің деректемелік мән-маңызын, тыңдаушыны иландырар қадір-қасиетін таныта түсетіні анық. Бұған қоса аталмыш ауызекі деректер Тарақтылардың жауынгер ел болғандығын (найза белгісі) және хан билігіне жақын болғандығын (хан қызынан тууы) тұспалдайды. Қазақтың Үш жүзін құрайтын рулардың арасында таңба белгісімен тайпа атауы аталатын рулар аса көп емес. Ондай рулардың қатарын саусақпен санап шығуға да болады. Айталық, жалайыр, шанышқалы, шөмекей (шөміш), ошақты т.б. Атау мен таңбаның сәйкес келуі – ру-тайпаның ежелден келе жатқан көнелік сипаты. Бұл орайда, тарақ (айыр, найза) таңбалы тайпалар - тарихтың көне көмбесінде ертеден белгілі болып, көшпелі тайпалардың ел-жұрт болып ұйысуына ерекше ықпал еткен іргелі ұлыс екендігі сөзсіз. Мысалы, түркі тектес тайпалардың басын қосып, Еуразия кеңістігінде алып моңғол империясын құрған Шыңғыс қаған ұрпақтарының таңбаларының арасында тарақ таңбасы кездеседі. Тарақ таңбалы тайпалар түркі тектес халықтардың арасына түгелге дерлік тараған. Еуропа ғалымдары Балқан түбегіндегі Румыния елінде тұратын түркі тектес ұлттардың қорымдарындағы зираттар белгілерде тарақ таңбалы көктастар кездесетінін жазады . Кешегі Қырым хандығының билеуші Керей хан әулетінің таңбасы тарақ бейнесінде болған. Қырымның соңғы ханы Шахин Керейдің тұсына дейін (яғни, 1783 жылға дейін) тарақ таңбасы сақталып, ол ақша бетіне де бедерденіп келген. Шыңғыс ханмен анда болып достасқан, оның даңқты қолбасшыларының бірі Мұқалайдың таңбасы ұшы төменге бағытталған айыр немесе тарақ. Сол таңбаның суреттік бедерінен жалайыр (жал+айыр) тайпасының атауы шыққан. Жалайыр тайпасы Шыңғыс ұрпақтарының Қытайды бағындыруда, Иранды билеуде көрнекті рөл атқарғаны тарихтан мәлім. Тарақ таңбалы жалайырлар Қазақ хандығының іргесін қалаған Шыңғыс хан тұқымдарының сенімді тайпаларының қатарында болды. Хан ордасында қызмет еткен тарихшы Қадырғали би Жалайыри өзінің «Шежірлер жинағында» (ғылымда ол кітап «Жами ат-тауарих» деп аталады-автор) Орыс ханның майсарасы, яғни сол қолы Алаш мыңы аталғандығын, сол Алаш мыңы арасында үлкені тарақ таңбалы жалайыр болғандығын жазады. Қадырғали Жалайыри өзінің есіміне де «тарақ таңбалы» деген айдарды қосып айтып отырады. «...Сонымен, - деп жазады тарихшы Т. Омарбеков,-, бұл айтылғандардан шығатын «тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні» жоғарыда аталғандай, қазақты құрған тарақ таңбалы ру-тайпалар ежелден-ақ моңғолдарға жақын болған, оларға қызмет жасаған «ұнаған воол» тобына жататындар десек жалған сөйлемеспіз. Өйткені ата-бабасынан бері, сандаған ғасырлар бойы моңғолдарға қызмет жасаған, өздерімен мал-жаны араласып жатқан түркі руларына Шыңғыс хан ұрпағы, яғни төре тұқымдары өздерінің тарақ таңбасын берді» . Қазақ хандығын құрған Шыңғыс тұқымдары да тарақ таңбалы тайпалардың төрелер алдындағы қызметін үлкен құрметке балап, олар тарақтыларға қазақтың Үш жүзіне «ноқта ағалық» мәртебесін береді. Осылайша, Ұлы жүзде ноқтағалық мәртебе тарақ таңбалы Жалайырға берілсе, Кіші жүзде ол Тарақтығы, Кіші жүзде тарақ таңбалы Табынға (кейде Тамаға) бекітіледі. Сондықтан қазақтың Ұлы жүзінде «Үйсін – аға баласы, жалайыр – ноқта ағасы», Орта жүзінде «Арғын –аға баласы, тарақты – ноқта ағасы», Кіші жүзінде «Әлім аға баласы, табын – ноқта ағасы» деген мәтел сөздер қалған. Бұл жерде «ноқтағаны» көшпелілердің саяси ру-тайпалардың орнын белгілейтін саяси термин ретінде қараған жөн. Оның мағынасы «басты, жетекші ру» (хандық билік тұрғысынан қарағанда) деп танылады. Шыңғыс тұқымдары-төрелермен таңбалас болған Тарақтылардың аталмыш мәртебесі ел арасында тарақтыларға «Төре жоқ жерде төре, қожа жоқ жерде қожа бол» деп бата берілген деген тұжырыммен дәйектелген. Тарақтылардың арасында Үш жүздің басын қосып, Қазақ хандығын нығайтқан Әз-Тәуке ханның бас батырларының бірі болған Наймантай батырдың есімі құрметпен аталады (сүйегі Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіндегі қорымда). Оның баласы Байғозы батыр - ХҮІІІ ғасырларда қазақ жерін жоңғар қалмақтарынан азат ету күресіне белсене қатысып, айбынды Абылайдың сенімді батарларының бірі ретінде ханның атақты жорықтарына қатысқан даңқты тұлға. Мәшһүр Жүсіп жазбаларындағы Тарақтының шежіресінде оның тегі былайша көрсетілген: «Тарақтыдан - Қармыс. Қармыстан - Қыдыр. Қыдырдан - Есенкелді. Есенкелдіден - Итемген. Итемгеннен - Наймантай. Наймантайдан алтау туады. Ең үлкені - Жантөре, Естөре, Есілбай, Аққозы, Атақозы, кенжесі - Байқозы. «Тарақты Байқозы батыр» атанған кісі - осы кісі». Байғозы батырдың Еділден қашып Жоңғарияға өтпек болған торғауыттарға жасаған қазақ жорығына, Абылайдың Алатау қырғыздарымен жүргізген ұрыстарына белсене қатысқаны Ш. Уәлиханов жазып алған аңыздарда қызықты баяндалып, молынан айтылады. Халық арасында әкелі-балалы Наймантай мен Байғозы батыр туралы мынадай жыр өрнектері бар: Қолында қамшысы бар айбалтадай, Батыл бол батыр болсаң Наймантайдай Тарақтыда Байғозы Бұ да асқан ер еді. Ел шетіне жау келсе, «Мен барайын!» дер еді. Байғозы батырға топырақ бұйырған жер - қазіргі Қарағанды облысының Жаңарқа мен Шет аудандары түйісетін Жаман Сарысу өзенінің бойы. Батырдың бейіті тұрған жер «Батыр басы» деп аталады. ХІХ ғасырдың орта шенінде орыс отаршылдығына қарсы ұйымдастырылған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Кене ханның маңына қазақ батырлары жиналады. «Қайраты қара бастан қайтпаған алып ер Тамадан Жолдыаяқ батыр, Өмірзақ Тоғалақ батыр, Құшақ Бәйтелі батыр, Тарақты Құлжан батыр бастаған батырлар 10 мың әскермен Кененің Көкшетаудағы бекініс қамалына қосылды. Әскері көбейіп, күші артып, енді Николайға ойран салуды ойлады»,- деп аңыздайды халық естелігі. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Садуақасұлы (1900-1933) Хан Кене туралы: «Патша өкіметінің зорлықпен істеген істеріне қазақ жұрты, әрине, риза болған жоқ. Бұл өкіметке көзге көрінгендей ең бірінші қарсылық қылған – Кенесары. Осы күні қазақтың жазылмаған тарихында Кенесарының аты көптің аузында жанжалда жүр. Кенесарының хан екені рас, қолында билік болса, аспаннан айрықша нұр жауғызбайтыны да былай тұр. Бірақ Кенесарының тарихи қызметін бағаламауға болмайды. Біз Кенесарыны құр аты үшін күйдіре алмаймыз. Кенесарының қызметіне қарай баға беру керек »,- деп жазған еді. Кенесары сарбаздарының құрамында Байғозы батырдың немересі Құлжан батыр бастаған тарақтылар аңызға айналаған ерлік істер жасайды. Олар хан Кененің қазақ жеріндегі орыс бекіністерін жою жорықтарын қолдап, Ақтау, Ақмола (Қараөткел) бекіністеріне жасаған шабуылдарға қатысады. Кенесары қолы Ақтауды шабуылдағанда Құлжан батыр бекініске атойлап кіріп, өзі ерлікпен қаза табады. Батырдың денесін сарбаздар атасы Байғозының қасына жерлейді. Тарақтылар жасағы Кенесарының Ақмола (Қараөткел) бекінісін алу үшін қиян-кескі соғысында жанқиярлық ерліктер жасайды. Бекіністі аларда шейіт болған Кенесары сарбаздары ел ордасы Астананың мұсылмандар қорымына жерленген. Қазіргі таңда сол ұрыста қаза тапқан сарбаздардың басына қойылған көктас табылып, ондағы жазулардың жалпы нобайы белгілі болды. Осы қорымда Кене ханды «қызметіне қарай баға беру керек» деп келелі пікір айтқан Сұмағұл Садуақасовтың Мәскеудің Донская христиан қабірстанынан ұлт жанашырлары мен зиялыларының күшімен әкелінген мүрдесі мәңгілікке орын алды. Азаттықты қарудың күшімен қайтармақ болған Хан Кене сарбаздары мен еркіндік, теңдікке өнер-білім, саяси күрес арқылы қол жіткізбек болған Алаш азаматы Смағұл Садуақасовтардың ел орданың қақ ортасындағы қорымда орын алуында рәміздік сипат бар сынды. Мұны тәуелсіздіктің нарқы мен парқын айыра білетін, көкірегі ашық, көңілі ояу жандар түйсік-танымымен аңғара білсе керек. Тарақтылардың жайлаған негізгі қоныстары қазақ хандарының орда тіккен, қоныс етіп жайлаған аймағы болып келеді. Мысалы, Түркістан, Ұлытау, Ақтау, Ортау, Қызылтау, Көктің көлі, сондай-ақ Торғай өлкелері - Тарақтылардың негізгі көшіп-қонып жүрген аймағы. Әйтсе де, олар кең байтақ Қазақстанның түпкір-түпкіріне шашырап кеткен, сонымен бірге Қытай территориясында, Өзбекстанда тарақ таңбасына ие болып отырған жұрттар бар. Төрелермен таңбалас Тарақты руының бытырай, шашырай қоныстануының өзіндік тарихи себебі бар. Оның сырын Ахаң (Ақселеу) Сейдімбек:«Тарақтылар жоңғар шапқыншылығынан қатты күйзелді. Олар төре тұқымдарымен бірге әртүрлі жортуылдарға қатысып, төрелер жасақтаған жоңғарға қарсы қалың қолдың алғы сапында болуға мәжбүр болды. Нәтижесінде, осындай зобалаңда Тарақтылар Қазақстан мен Орта Азия территориясына шашырап кетті. ...«Төреге ілескен – ер-тоқымын арқалайды» деген халық мақалының жаны бар. Тарақ таңбалы тайпалар Шыңғыс хан тұқымына ілесіп, жаугершілік заманда шынында да ыдырап кетті. Мұны Тарақтының ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. шашырай қоныстануынан-ақ байқаймыз»,– деп түсіндіреді. Атақты ғалымның тұжырымында үлкен шындық бар. Елдің басын құраған Шыңғыс тұқымы төрелер де кең байтақ Қазақстанның әр жеріне шашырай қоныстанған. Олардың мұраты мал жинау, байлық асыру емес, жаугершілік заманда жауға тойтарыс беру, елдің басын қосып, жұрт құрау еді. Шыңғыс тұқымдарының үлкен жиыны «құрылтай» деп аталуының өзіндік сыры бар. Ол «ел құрау, жинау» деген мағынаға ие. Төреге таңбалас Тарақтылар арасынан жұртты жаудан қорғаған жауынгер батырлар, елдің тұтастығы мен бірлігін қалаған би-шешен тұлғалардың есімдері ерекше аталады. Қысқаша тарихи-шешірелік шолудың түйіні жоқ іздеуші, зерделеуші қауымға тарақ таңбалы ру-тайпалардың тарихы көне замандарға бойлайтынын, оны тану үшін төрелердің, сондай-ақ қазақ ру-тайпаларының ұлт болу тарихымен кешенді түрде зерттеу қажет екенін көлденең тартады. ТАРАҚТЫ ТҰЯҚ ШЕШЕН Жаугершілік заманда халық қайсар, батыл батырды, бейбіт заманда аузымен құс тістеген ділмар би-шешенді іздейді. Қазақтың қалың жұрты, ауыл аймағы, ел іші ешқашан би-батыр тұлғалардан кем болмаған. Тұлғаны айғақтап барып елін танитын қазақ үшін нақты кісінің тарихы елдің тарихы болып табылады. Басқаша айтсақ, қазақ танымы тұлға арқылы тарихты баяндайды, оған баға береді, тағылым түйеді. Халықтың жадында ұзақ сақталып, елдің шынайы бағасына ие болған тұлғалардың бірі - Тарақты Тұяқ шешен. Тұяқтың өмірбаяны мен шешендік даңқы қазақтың сөз өнерін қадірлеген қадір-қасиеті арқылы біздің заманымызға аңыздалып, ардақталып жеткен. Бүгінгі сөз қолданысымыздағы «Өнер алды – қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Ердің құны – екі ауыз сөз», «Ердің екі сөйлегені - өлгені» дейтін мақал-мәтелдер - сөз өнерінің халықтың тұрмыс-тіршілігінде, дүниетанымында ерекше орны болғанын айғақтайтын көріністер. Өмір болған соң дау-дамай, айтыс-тартыс, керіс-қағыс орын алмай тұрмайды. Елдің дау-дамайын шешетін кісілерді қазақтар «би» деп атаған. Халқымыз би кісінің әділдігі туралы «Қара қылды қақ жарған», «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп келетін мәйек сөздер өз маңызын бүгінгі таңда да жойған жоқ. Бидің басты қаруы – шешендік сөз. Шешендік өнер – қазақ қоғамы дәріптеген қасиеттің бірі. Сөзге ұста шешен кісінің қазақ ішінде кең дәріптелуінің түпкі себебі – ел арасында ерте заманнан сақталып келе жатқан сөздің магиялық құдіреті бар деген көне ұғымынан іздеген жөн. Бұл көне түсінік халықтың «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», «Жақсы сөз - жарым ырыс» деген мәтелдерінде сақталған. Сөздің магиялық құдіреті кез-келгенге қона бермейді, ол ерекше қасиеті бар кісіге қонады. Ерте замандағы түсінік бойынша, ондай кісілер – абыздар мен бақсылар, әулиелер. Сөз өнерін қадірлеген қазақ халқының танымында ондай кісілер - жырау-жыршылар, ақындар. Сонымен қатар сөз ұстаған қазақ шешендері де – осындай тегі бөлек жандар. Мысалы, Әз-Жәнібек хан жанындағы Асан Қайғыны аңыздар «өзі әулие деп айтуға жарарлық кісі екен» десе, Орта жүздің атақты биі Қаздауысты Қазыбекті «ұйықтап жатқанда аузынан жалын атқылап», шешендік дауға түскенде «екі иығынан екі аю от шашып» [1, 98-101б.] тұрады екен деп сипаттайды. Шешендік сөздерде тарихи оқиғаның нақты детальдарын, штрихтарын жеткізуден гөрі сол тұста орын алған көркем танымды, адамгершілік-тәрбиелік қоғамдық мән-маңызы бар құндылықтарды насихаттау, құқықтық шешімдердің орынды шешілуін жеткізу басым. «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би», «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен Едіге би», «Елге бай емес, би құт» деген мәтел сөздер қазақ қоғамының шындығынан туындағаны сөзсіз. Шешендік сөздерді халық мұрасының бір саласы ретінде қарастырған алғашқы зерттеушілер А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллиндер еді. А.Байтұрсынов шешендік сөздерді «ділмәр сөз» (афоризм) деп атайды. «Бұрынғы даналардан, билерден, шешендерден қалған сөздер – ділмәр сөз (еуропаша-афоризм) деп аталады»[2, 246 б.], – дейді ол. А. Байтұрсыновтың шешендік сөздердің иесі (авторы) ретінде бұрынғы өткен дана, би, шешен кісілер деп көрсетуі аталмыш мұраның қазақ қоғамында үлкен салмағы, терең қалдырған ізі бар екендігін аңғартады. Сондықтан болар білгір ғалым М. Әуезов шешендік сөздерді «Билер айтысы» десе, С. Сейфуллин «Билер сөзі» деп атаған. Билер қазақ қоғамында туындайтын түрлі дауларды көнеден келе жатқан дәстүрлі билік кесу жолымен жүргізуге ұмтылды. Билердің билік, үкім шығаруына дау үстінде айтылған терең ойға, ғұрыптық көне жөн-жосыққа сүйеген қисынды шешендік сөздерінің маңызы зор болды. «Ердің құны – екі ауыз» деген мәтелде ой мен ғұрыпты қисынды түрде тоғыстырған мәнді сөздің көп мәселені шештінін аңғартады. Шешендік сөздер мазмұнында қазақ қоғамының саяси-экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық қырларының белгілері мол орын алған. Билер сөзі мен шешендік сөздің арасында тепе-теңдік ұғым бар. Қазақтар ақыл-үлгісімен ерекше көрінген билерді «шешен» деген атақпен құрметтеген. Басқаша айтқанда, «би» ұғымы «шешен кісі» дегенге пара-пар болған. Шоқанның айтуынша, «шешен» сөзі «данышпан» (мудрец) [3, с.309] дегенді білдіреді Шешендік сөздерді жеке сала ретінде қарастырып, оны жүйелеп зерттеген ғалымдардың бірі – Б. Адамбаев. «Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы, - деп жазады ол, – шешендік сөздер. Шешендік сөздер ақындық айтыс секілді, қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік қасиеттерін көрсететін негізгі жанрлардың бірі» [4, 8б.]. Ғалым ауызша тараған халық өнеріне тек таза сөз өнері деп қарамай, оны елдің басынан өткен оқиғалардан, халықтың арман-тілегінен, дүниетанымынан хабар беретін рухани мұра ретінде қарау керектігін де ескертеді [4, 8б.]. Қазақ аңыздары мен шешендік сөздері туралы арнайы зерттеулер жүргізген ғалымның пікірінен шешендік сөздердің ерекшеліктері аңыз жанрының белгілеріне жақын екендігін аңғаруға болады. Бұл жанрлық белгілерді дәл аңғарған белгілі фольклортанушы ғалым, академик С. Қасқабасов шешендік сөздерді тарихи аңыздар қатарына жатқызады. «К историческим преданиям отнесены нами и шешендик сөздер (изречения ораторов), выделяемые в казахской фольклористике и изучаемые в качестве самостоятельного фольклорного жанра. Шешендик создер — это рассказы о каких-либо событиях или фактах жизни, послуживших причиной возникновения определенных афористических и мудрых изречений, приписываемых по традиции кому-либо из ораторов периода Казахского ханства» [5, с.157],–деп жазады ғалым. Ғалым шешендік сөздерде өмірде болған, шешендікпен, даналықпен аты шыққан нақты тарихи тұлғалардың аузынан айтылатындықтан және өмірде болған оқиғалардан хабар беретін деректік сипаты бар болғандықтан тарихи аңыз жанрына жатқызады. Бірақ оның тарихи аңыздардан айырмашылығы бар екендігін де ескертеді: «...Шешендик создер, – деп жазады ғалым, – по существу являются собою образцы исторических преданий. Но в отличие от собственно исторических, преданий они выполняют, наряду с информативно-познавательной, также общественно-законодательную, художественно-эстетическую и нравственно-дидактическую функции. В них акцент делается не столько на самом событии, сколько на полезности и логичности изречения, высказанного шешеном и служащего аргументом (орудием) в решении родовых тяжб или других конфликтов» [5, с.158]. Біздіңше, шешендік билік-байламдар қазақ халқының басынан өткен оқиғалардың сөз өнеріндегі жаңғырығы, белгісі, қазақ қоғамында орын алған тарихи шындықтың аңыз әңгімелердегі көрінісі деп тану әлдеқайда қисынды секілді. Қазақ аңыздары хан мен билердің билігі өзара жарасым тауып, ел ішінде береке мен бірлік, татулық орнаған кезең ретінде Әз-Тәуке ханның тұсын мегзейді. Шын мәнінде, Тәуке хан қазақ ру-тайпалық қоғамының үлкен реформаторы болды. Ол Қазақ хандығының тұңғыш «конституциясы» іспеттес болып саналатын «Жеті Жарғы» атты заңды атақты жеті бидің (Үш жүзден-Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, қарақалпақ Сасық би, қырғыз Қоқым би, және Жайма, Қатаған руларының билері) тікелей қатысуымен жасайды. Үш жүздің атақты билері –Үйсін Төле, Қаздауысты Қазыбек, Алшын Әйтекелердің есімі Тәуке ханның тұсынан бастап ел есінде ерекше сақталып келді. Би шығарған шешім бүгінгі таңдағы сот үкімімен пара-пар болатын. ХІХ ғасырдан бастап қазақ арасында орыс әкімшілігінің үлгісінің әсерімен «билер соты» деген ұғым орныға бастады. Қазақ ішіндегі дауларды шешуді жергілікті билер сотының қарауына беруді қолдаған Ш. Уәлихановтың бұл құқықтық институтты «ең басты қасиет формальдықтың және кез-келген ресми кедергінің жоқтығы» [6, с.90-93] деп бағалауы билер сотында негізгі түйінді шешім таза пікір сайыс, қызу шешендік айтыс үстінде шығарылатындығын мегзегені еді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын аралаған саяхатшы поляк Адольф Янушкевич қазақтың шешендік айтысына куә болып, оның қалайша өткенін таңдана суреттеген болатын. «Шешендер алма-кезек сөз таластырды. Қайсы біреулерінің желпіне, айқышты сөйлегені соншалық, менің өзім қайран қалдым. Ежелгі Грецияда немесе Римде болса, старшина (би-авторлар) Тоқымбай мен Бейсекеңнің өзі лаврдың астында қалар еді» [7, 32б.], - деп жазады саяхатшы. Қазақ қоғамындағы билік тізгінін әр түрлі саяси жолдармен қолға алған Ресей алдымен хандық, кейінірек сұлтандық билікті жойып, рубасы билердің қазақ қоғамындағы орнын күшейте түсті. Ресей тарпынан қазақ қоғамының құрылымына жүргізген саяси реформа «қарадан хан шыққан» Құнанбайларды, «билігі анау-мынау хан жарлығынан кем қабылданбаған» Шоң билерді саясат сахнасына шығарады. Ресей тарапынан енгізілген саяси реформа әр ру көсемдері мен билерін көтермелеп, соның әсерінен қоғамдағы билік тартысында күш сынасатын саяси күштер би мен байлардың маңына топтаса бастайды. Қазақ даласындағы саяси өзгерістің бір көрінісін, жоғарыда аты аталған саяхатшы А. Янушкевичтің жазбаларынан анық байқауға болады. Онда ол атақты би Құнанбайды «қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылмандығын» [7, 75б.] айта келе, одан ойдағы-қырдағы жұрттың ақыл сұрау үшін ағылып жататындығын және ел ішіндегі даулардың шешімі би тарапынан шешілетіндігін жазған болатын. Тарақты Тұяқ шешеннің өмір сүрген кезеңі - ХІХ ғасыр. Аталмыш ғасырда қазақ қоғамы күрделі өзгерістерді басынан кешіріп жатқан кезең болатын. Біріншіден, жоғарыда атағанымыздай, Ресей патшалығы сан ғасырлардан үзілмей жалғасып келген хандық жүйені әкімшілік реформалар арқылы алдымен ұсақтатып әлсіретті, кейін мүлдем жойды. Тұтас елді округ, уезд, болысқа бөлді. Екіншіден, өзен бойын жағалай қала, бекініс салып, қазақтың дәстүрлі көшіп-қону жолдарын кесті, шүйгін жайлымды, құнарлы жерді тарылтты. Көшпелі тұрмыс күйзеліске ұшырап, күйреуге бет алды. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, қазақ хан-сұлтандары, би-көсемдері арасында түрлі саяси көзқарастарды ұстанған партиялар пайда болады. Бір партия тобы Ресей әкімшілігінің реформасына мойынұсынып, көнген рай танытса, енді бірі оған қарсы шықты. Ресейдің қазақ даласында жүргізген саясатына қарсы көтерілген тұлғалардың ішіндегі ең атақтысы, көрнектісі Кенесары хан болды. Ал оның ағайыны атақты Тәуке ханның ұрпағы аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы патшаның қазақ жеріне ентелей кіруінен өзіне пайда іздеп, даладағы саяси беделін көтеруге ұмтылды. Ол өзінің көшіп-қонып жүретін аймағында жаңа округ ашуды өтініп, Омбыға бірнеше рет қолқа салып, өтініш жасады. Дербес Сібір корпусы штабының бастығы генерал-майор С.Б. Броневский 1829 жылғы қыркүйекте өзінін Омбыға жолдаған рапортында: «Сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы басқаратын Қарпық болысы Ақмола шатқалында округ ашуды сұрайды» деп жазды. Сұлтанның қайта-қайта жасаған өтініші жаңа округтың ашылуын жылдамдата түсті. 1830 жылы жазда Батыс Сібір генерал-губернаторының бұйрығы бойынша Петропавл бекінісінің коменданты подполковник Ф.К. Шубин құрамында 200 казак бар отрядты бастап, қажетті жүктері мен азық-түлік қоры тиелген керуенмен болашақ бекініс салынатын жаққа бет алды. Онымен әскерилер, картограф және топограф мамандар бірге келді. Экспедиция жаңа округты ашудың әкімшілік және шаруашылық тұрғысынан алғандағы әзірлігін жүзеге асыруға, сондай-ақ жергілікті аймақтың картасын жасауға тиісті болатын. Құрылыс салуға неғұрлым қолайлы жер деп Ақмола шатқалы таңдап алынды. Аға сұлтан Қоңырқұлжаның өтінішімен салынған Ақмола бекінісін Кенесары хан қазақ жерін жаулап алудың кезекті сатысы деп санап, оның тұрғызылуына қарсы болады. Ол патшаның отаршылдық саясатына қарсы күрес ұйымдастырып, Ақмола бекінісі қазақ қолдарының тарапынан шабуылға ұшырайды. Қазақ әдебиетінде М.Әуезов айдар таққан «Зар заман» ақындары Шортанбай, Дулат, Нармамбет, Мөңке Мұратұлы сынды ақындардың зары төгілген заман еді бұл. Қазақ қоғамында күрделі өзгерістер болған заманда өмір сүрген Тұяқ шешен шамамен 1820 жылдары Қызылтауда дүниеге келіп, 70-тен асқан шағында, 1890 жылдары қайтыс болған. Сүйегі Жаман Сарысу өзенінің басындағы қорымға қойылған. Біздің дәуірімізге Тұяқ шешендік даңқымен жеткен. Ел ішінде «Тұяқ сөйлеген жерде таңба қалады» деген қанатты сөз сақталған. «Батыр жауда, шешен дауда сыналады» дегендей, болашақ би-шешен кісінің ел есіндегі бейнесі оның дауды қалай шешкеніне, сөз сайысында танытқан тапқырлығына қарай дәріптеледі. Осы орайда халық аңыздарды Тарақты Тұяқ шешенді сөз тапқыш тапқырлық қабілетінің арқасында айтыс-дауларда, сиез-жиындарда аз ел Тарақтының сөзін сөйлеп, мүддесін қорғаған кісі ретінде ардақтайды. Халық арасында көбіне Тұяқтың дуанбасы Ыбыраймен болған сөз таластары мен қақтығыстары сақталған. Ыбырай - Ақмола дуанының басшысы. Тарақтылар - Ақмола дуанына қараған болыс. Дуанның орталығы – Ақмола бекінісі, яғни бүгінгі Астана. Тарақтылардың белді кісісі һәм болысы ретінде дуанның жиналыс-жиындарына келген Тұяқ шешеннің аяғы Ақмолаға талай мәрте тиген. Тұяқ бір атадан жалғыз екен. Оның арғы атасы – Меңлібай. Меңлібайдан Бостан, одан Құмалақ, Құмалақтан Тұяқ туады. Тұяқтың аталары мен өз есімі халықтық ырым-жоралғысының шырмауында қойылған. Қазақ әлдебір кісінің тұқымы өспей, көбеймей жатса, «көз тиеді» деп ойлап жаңа туған ұрпаққа елеусіз есім қоюға тырысатын. Бұл салттық сипатта алып, оған елеусіз есім кісінің амандығын-саулығын қорғайды деген наным-сенім орныққан. Осындай наным-сеніммен қойылған Тұяқ және оның әкесінің есімі Ақмоланың дуанбасы Ыбырайдың тарапынан әзіл-оспаққа арқау болып, келемежге ұшырайды. Тұяқпен алғаш жүздесіп танысқан Ыбырай аты-жөнін қайта сұрай келе: - Осындай да кісі аттары болады екен-ау! – деп, мысқылдайды. Сонда Тұяқ: - Ойнап сөз сұраса, шындап жауап бер деген, сұлтаным. Сұрағаныңызға жауап берейін. Атамнан әкем іште қалған екен, әкемнен мен іште қалыппын. Сосын жұрт «атадан қалған із, мирас болсын» деп әкемді «Құмалақ», мені «Тұяқ» деп атапты. Қазақ қайбір ойланып ат қояды дейсіз. Баласын күнде құс саңғып, ит сарып жүрген «Жар», «Шұқанақ» деп жүргендер де бар ғой,-депті. Сөйтсе, Ыбырайдың бір баласының аты Жар екен. «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін қабады» дегендей, өз сөзі өзіне қайта тиген Ыбырай жұмған аузын ашпай, үнсіз қалыпты. Би-шешен кісілердің өз есіміне қатысты тапқыр жауаптары ел ішінде кеңінен сақталған. Әдетте, ондай жауап қатқан шешен кісілер

Ақселеу Сейдімбек
  • Просмотров: 6071

  • Написал: SashaEi
  • Дата: 29 сентября 2014 16:18
  • Группа: Посетители
Наш сайт Save-novorossia.ru посвящен народному ополчению Новороссии. На сайте можно узнать последние новости ДНР и ЛНР, сводки о последних боестолкновениях. Так же любой из посетителей может оказать посильную помощь храбрым ополченцам и мирным жителям Донбасса.
  • Написал: TerryNig
  • Дата: 4 февраля 2017 07:51
  • Группа: Посетители
Математика это полензно ----- http://aktivatora.net/aktivator-windows-10.html
  • Написал: EmilioHaild
  • Дата: 11 февраля 2017 00:58
  • Группа: Посетители
Любители автомобилие
081; - вам сюда, ссылка внизу ----- локальная покраска бампера
  • Написал: CharlesEquib
  • Дата: 17 февраля 2017 10:03
  • Группа: Посетители
Follow just your own way Follow just your own way ----- http://lukebryan2017tour.com/
  • Написал: Briandrorm
  • Дата: 27 марта 2017 18:29
  • Группа: Посетители
What fun it is to ride and sing ----- sell cvv all country
  • Написал: Lorenzoziple
  • Дата: 31 марта 2017 16:44
  • Группа: Посетители
Посмотрте что я нашел ----- http://baza-x.ru/services/obkleyka-tsvetnoy-vinilovoy-plenkoy/
  • Написал: WilliamVet
  • Дата: 9 апреля 2017 19:42
  • Группа: Посетители
Все что важно знать о ремонте ----- http://remontnik.org/
  • Написал: JoshuaNus
  • Дата: 19 апреля 2017 17:20
  • Группа: Посетители
Контакты
Елеш Арман
основатель проекта
       arman_elesh@mail.ru
       arman@tarakty.kz

тел: +77770014248

Полезные ссылки
Единое шежіре казахов
http://elim.kz

Форум казахов
http://kazakh.ru

Наши партнеры
http://www.atababa.kz