шаблоны для dle, uaBIG.com - инструменты для вашего сайта
"Тарақты" руының ресми сайты | Официальный сайт рода "Тарақты"
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Тарақты тайпасы
  • Добавлено: 24-03-2015, 19:59
  • Раздел: Информация
  • Опубликовал: tarakty

Қазақ тарихында құписын ішіне бүгіп жатқан рулар мен тайпалар тарихы көптеп кездеседі. Солардың бірі және бірегейі Тарақты тайпасы. Тарақтылардың 12 атасының басты-басты бұтақтарын анықтауға белгілі жазушы, ғалым-этнограф Ақселеу Сейдімбектің жеке қорында жинақталған материалдар көп көмек көрсетті1. Тарақты тарихына байланысты оқырманға ұсынылып отырған осы еңбектің ғылыми бағытын нақтылай түсуде де өзі Тарақты тайпасынан шыққан қазақ рулары тарихын зерттеудің білгірі А.Сейдімбек қолғабысын аянып қалған жоқ. Әсіресе, ғалымның Байғозы батырға байланысты жүйеге түсірілген деректері біздің Тарақты тарихын зерттеу барысында бұл мәселеге арнайы көңіл бөлуімізге ықпалын тигізді.

Тарақты шежіресін бұрынғы зерттеушілерге қарағанда әлдеқайда арнайы тиянақтаған шежіреші Шахзада қажы Махамбетов болып табылады2. Бұл кісінің еңбегін Ақселеу Сейдімбек былай деп бағалапты: “Тарақты Шахзада қажының ел шежіресіне ертеден ден қойып жүретінін жақсы білемін.

Шежіре түзу, ел ішінің ғибраты мен мол қасиетіне шын ықылас қою үлкен ыждахаттылық пен табанды еңбекті қажет ететін қиын жұмыс.

Шахзада қажының осындай қажырлы еңбегінің арқасында Тарақты руының біраз аталары айғақталып, олардың құрылымы сараланып, мол мағлұмат жинақталған.

Мұндай еңбек қазақ тарихына қатысты еңбекке сеп болумен қатар ұрпақ жадын жаңғыртып, оларды рухтандыра түсуге де жәрдемдесетініне шәк жоқ”3. Шындығында да, бұл еңбекте автор Тарақты аталарының шежірелерін біршама жақсы білетін жекелеген кісілерден алынған деректерді жүйелеп, тұңғыш рет Тарақтының 12 атасының басым көпшілігінің шежірелік түзілімін жасап шыққан. Әзірше осы тұрғыдан алғанда бұл еңбекке балама боларлықтай шежірелік жинақ жарық көре қойған жоқ.

Тарақтылардың Орта жүзге ру болып табылатындығы туралы ел арасында таралған аңыз-әңгімелерді Г.Н.Потаниннің “Казак-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки” атты еңбегінен табамыз. Мұнда Тарақтылардың Орта жүзге кіру тарихы және шежіре бастаулары туралы деректер баршылық4.

Қазақ шежіресі бойынша Тарақты Орта жүзде “ноқта аға” және арғынның жиені болып есептелінеді. Бұл әрине, кейінгі қазақ шежіресінде қалыптасқан тарихи мәліметтер. Ал Тарақтының шығу тегі және оның қалыптасу тарихы мүлде басқаша болуы мүмкін. Өкінішке орай, шежіреден басқа Тарақтының шығу тегі туралы тарихи мәліметтер сақталмаған. Сондықтан да Тарақты тайпасының тарихын білуді мақсат еткен кісілер алғаш оның шежіресімен жан-жақты айналысуы қажет.

Кезінде «Алаш» тарихи зерттеулер орталығынан жарық кӛрген көптомдық еңбектердегі Тарақтының ежелгі және ерте ортағасырлардағы бабаларына қатысты ғылыми болжамдарымыз және тұжырымдарымыз бұл тайпаның о бастан-ақ өзіндік дербес тарихы болғандығын, оның Арғын одағына кейініректе жиен ретінде тіркелгенін айқын байқатады. Барлық негізгі шежірелер Тарақтыны Орта жүздегі дербес тайпа ретінде кӛрсетуге тырысқан. Оның үстіне бұл тайпаның бүкіл Орта жүзге “ноқта аға” болып келуі оның дербес тайпа ғана емес, қазақ билеушілеріне – тӛрелерге жақын тұрған және олардың Орта жүз жеріндегі саясатын нақты жүзеге асыратын едәуір беделді тайпа екендігін дәлелдей түседі. Солай бола тұрса да, бір таңданарлығы Тарақты тайпасының

1 Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.; Сейдімбек А. Байғозы батыр //Егемен Қазақстан. 2005. 22 шілде.

2 Махамбетов Ш. Тарақты - Орта жүздің ноқта ағасы. -Алматы, 2007.

3 Сонда, -3 б.

4 Потанин Г.Н. Казак-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки. -Петроград, 1917. -56-57, 62 бб.

шежіресі әлі күнге дейін жүйелі түрде толық жасалмаған. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Тарақты аталарын шежірелік тұрғыдан толығырақ тарататын жалғыз шежіре Шахзада қажы Махамбетовтің еңбегі ғана болып отыр. Ол кісіде негізінен алғанда Алакөз, Шәуке, Қосанақ тәрізді аталардан басқа Тарақты тайпасының аталары біршама жүйелі түрде нақты таратылған.

Сондай-ақ, Тарақтының 12 атасының 8 атасының басты-басты тармақтарын анықтауға Ақселеу Сейдімбек берген материалдар көмек көрсете алады. Аталған кісілердің мәліметтерінен басқа жарияланған және қолда бар деректер Тарақты тайпасының аталарын таратып бере алмайды. Сондықтанда Тарақты тайпасының шежіресін талдауда негізгі мәліметтер жоғарыда аталған екі автордың шежірелік деректері болып табылады. Осыған байланысты алда Тарақты тайпасының шежіресіне шолу жасаған кезде осы екі автордың шежірелік мәліметтерін екшеп алып, салыстыра баяндадық. Бұл деректер негізінен бірін-бірі толық мақұлдайды, оның үстіне біздің қолымызда Тарақты шежіресін аталар бойынша жүйелеп тарататын басқа шежірелер жоқ. Мұның өзі шежірешілерді алдағы уақытта осы мәселеге назар аударып, ден қоюға бағыттайды дер едік. Осы айтылғандардың бәрі біздің Тарақты шежіресін талдауға байланысты мүмкіндігімізді тарылта түсті.

Мәселенің екінші жағы бар. Тарақты аталарын бүгінгі күнге дейін тарататын жалғыз шежірелік дерек – Шахзада қажы Махамбетовтың еңбегі болып табылатындықтан және бұл мәселеде онымен салыстыра қарастыратын нақты шежіре баламалары жоқ болғандықтан Тарақты шежіресін таратуда біз аталған автордың мәліметтерін түгелдей қайталап жатпай, тайпаның аталарының негізгі тармақтарын ғана атап көрсетумен шектелдік. Тарақты аталарының ХХ ғасырға дейінгі таратылған жүйелі шежіресімен нақты танысқысы келетін және ол мәліметтерден өздерінің ата-бабаларын іздестіретін азаматтарды осы Шахзада қажының еңбегімен танысуға шақырамыз. Бұдан Тарақты шежіресі осы еңбекпен шектеліп қалуы тиіс деген біржақты қорытынды туындамауы тиіс. Тарақты шежіресінің алда әлі де зерттеле беретініне және оны осы кезге дейін шежірелік мәліметтері белгісіз Қосанақ, Алакөз, Шәуке тәрізді аталарының рулық тармақтарының айқындалатынына күмәнданбаймыз. Алайда деректердің әлі де жинақталмауына байланысты Шахзада қажының мәліметтерінің дұрыс-бұрыстығына ғылыми бағамызды бере алмайтынымызды айта кетеміз. Бұдан аталмыш шежіре авторының жазғандарына күдікпен қарау керек деген солақай шешім туындамауы тиіс. Керісінше, жоғарыда атап кеткеніміздей, құнды деректер бергені үшін Шахзада қажыға алғыс айтқанымыз жөн.

Хатқа түскен ХІХ ғасырдағы қазақ жерін зерттеген Щербинаның 1899 жылғы экспедициясының материалдарында Тарақтының шежіресі төмендегіше таратылады (бұл шежірені жинауға басқалармен бірге Ә.Бөкейханов та қатысқан)5:

Тарақты тайпасы


Жоғарыда шежіре деректеріне жалпы шолу жасаған кезде шежірешілер Тарақты тайпасының 12 атасын тарататынын атап кеттік. Бұл 12 ата Қармыстан тарайтын Сары, Әлі, Қыдыр, Жәші, Апай, Тоқтауыл, Әнеуке, Көгедей, Әйтей, Қосанақ, Алакөз, Шәку (Бұрғышы).

Осы тізімнің өзінен-ақ Тарақтының құрамына Арғын руларының кейбір аталарының рулық тармақтарының қосылып кеткенін аңғарғандай боламыз. Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің әйгілі еңбегінде Сарыға және Әліге байланысты мынадай әңгімені айтады: “Шежіре түрікті жазған Әбілғазы Баһадүр хан туысқандарымен хандыққа таласып, Үргеніштегі өзбектер бұзылып, үш бөлініп кеткенде, осы Есім хан қолына келіп, тұрдым дейді. Сонда Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, Қатағанды шапты дейді. Жәрдем көремін деп келген хандардың жайы былай болған соң, Есім ханнан рұқсат алып қайттым дейді. Бұлай болғанда біздің 9-ншы атамыз Сарының қатыны Тұрсынханның қызы Қоңырбике сол 1628 жылы алып келінген болатын. Оны қазақтар былай айтушы еді. Атамыз Сарыменен бір туысқан інісі Әлі деген бір сартта қызметкер болып жүргенде, Есім хан Қатаған елінің ханы Тұрсынды өлтіріп, Ташкентті қайта алыпты деген хабар келіпті. Мұны естіген соң Әлі сарттың жемге байлаған екі атына мініп, елге қарай қашыпты. Жолда келе жатып, әкесінің өлгенінен бұрын сейілге шығып жүрген Тұрсынханның қыздарына жолығып, оларға сырын айтпай елге келіп, елден кісі алып барып, Айбике, Нұрбике, Қоңырбике деген Тұрсынханның қыздарын қанша нөкер қыз һәм жасау-жолдастарыменен алып келген соң, Әліге көріп бастап барған жолдасына Қоңырбикені барша киім, шатыр, сайманымен берген соң, жасау киімдерін өзі алып, Қоңырбикені ағасы Сарыға беріпті. Сол Қоңырбикеден біздің 8-нші атамыз Кішік пенен

Мәмбет сопы туыпты”6.

Осы жолдардан аңғаратынымыз, Тарақтының ең беделді және кеңінен таралған Сары және Әлі аталары кезінде Арғын руларына да ықпалды тарихи тұлға болған. Шындығында да, шежіреге назар аударатын болсақ, Тауфиықтыдан (Тобықтыдан) – Рыспетек, одан Мұсабай, одан Сүйірбас, одан Әлі мен Сары тарайтынын көрер едік7. Әрине, бұл Тарақтының Сарысы мен Әлісі емес, өйткені, Тобықтыда Әлі - Орыс (Ырыс)

және Қаржау аталарына бөлінсе, ал Сары – Мәмбетей, Үмбетей, Мәмбетсопы және Күшік аталарына таралып кетеді8.



6 Құдайбердіұлы Ш. Түрік қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. -А., 1991. -24-25 бб.

7 Жанболатұлы М. Тобықты-Шыңғыстау шежіресі. Үш томдық. І т. -А., 2004. -23 б.

8 Жанболатұлы М. Тобықты-Шыңғыстау шежіресі. Үш томдық. І т. -23 б.

Тарақты және Тобықты тайпаларындағы осы ұқсас аталар әртүрлі тармақтарға тарала тұрса да, оларда жақындық бар тәрізді. Тегінде Әлі және Сары аталарының кейбір тармақтары Тарақты “ноқта аға” лауазымына ие болған кезде Тарақтыға қосылған болса керек. Бұған таңданудың реті жоқ. Шежіре деректерінің біразы жоғарыда айтқанымыздай, Тарақтының өзін және аталарын Арғынмен байланыстырады.

Қармыстың Арғыннан таралуы шежіре деректерінде былай көрсетіледі: Қара қожа

– Арғын, Нұржан (қыз), Ақтанберді.

Ақтанберді – Нияз – Темір – Айт - Әлім – Аллаберді – Қармыс.

Бұл ел арасынан жинаған Шахзада қажы Махамбетовтің деректік мәліметтері9. Тағы бір шежіреде Тарақтыдан тараған ұрпақ төмендегіше таратылады: Тарақты (Ақтанберді) – Темір – Айт – Дәлшіқара (Дәменқара) – Бүкірмұхамед (Бекмұхамед) – Алдаберді (Аллаберді) – Досымбек – Қаракелменбет – Қармыс. Бұл Медеу Сәрсекеевтің ел арасынан жинаған шежірелік деректері10.

Тарақтыдан таратылатын 12 атаның рулық таралымдары төмендегідей:

Қыдыр:

Ақселеу Сейдімбектің мәліметі бойынша Қыдырдан - Солтан, Қаржау, Сойдақ тарайды11. Ал Шахзада қажының мәліметі бойынша Қыдырдан – ағайынды екеу – Қаржау мен Сойдақ тарайды. Қаржаудан – Есенгелді, одан Сүтемген, Меңлібай, Құттыбай. Сүтемгеннен – Наймантай, Құрмантай, Жиенбай, Жантүгел, Байтүгел тарайды. Наймантайдан – Есілбай, Есқара, Жанқара, Бұйрақозы, Байқозы, Балақозы, Аққозы, Атақозы таралады12. Ел аузындағы кейбір шежірелерде Қыдырдан – Қаржау мен Солтан тарайды. Солтаннан – Есенгелді, ал одан Сүтемген, Меңлібай, Құттыбай таралады13. Бұл мәліметтердің қайсысы дұрыс дегенге келер болсақ, алғашқы екі автордың мәліметтері қисындырақ тәрізді болып көрінеді.

Шахзада қажы таратқан Наймантай батырдың шежіресі жоғарыда қысқаша айтылып кеткен болатын. Тарақтының осы атасынан күллі қазаққа әйгілі би-шешендер шыққан. Солардың ішінде әсіресе, ерекшеленетіні ХХ ғасырдың бас кезінде Үш жүзге билік айтқан Шілмәмбет би. Оның шежіресі Шахзада қажының жинаған дерегі негізінде былай таратылады: Қыдыр – Қаржау – Есенгелді – Сүтемген – Наймантай – Жанқара – Сары – Қарауыл – Шілмәмбет14. Ел аузындағы әңгімелерден көптеп жиналған деректер

Шілмәмбеттің сөзге ұста, кемеңгер тұлға болғанын дәлелдейді. Біздің қолымыздағы мәліметтер бойынша Шілмәмбет Қарауылұлы 1836 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында туылған екен. 1916 жылдың көктемінде Мойынқұм жайлауында дүниеден өтіпті. Ол кезінде Құлыншақ, Молдамұса, Майлықожа, Мәделі, Қызылжырау, Зұлпықар ақын тәрізді кісілермен сөз жарыстырса керек15.

Осы Тарақтының атасынан сонымен қатар Тұяқ шешен елге әйгілі. Тұяқ Құмалақұлы (туған, өлген жылдары белгісіз) бұрынғы Ақмола дуанында туып, кейін Сарысу бойында ғұмыр кешкенге ұқсайды. Тұяқ шешеннің елге қамқор, аса тапқыр, ойы жүйрік, сондықтанда халыққа беделді тарихи тұлға болғаны белгілі. Біздің қолымыздағы Шахзада қажының шежіресі Тұяқтың шығу тегін былай таратады: Қыдыр – Қаржау – Есенгелді – Меңлібай – Бостан – Құмалақ – Тұяқ16. Сонымен қатар Тарақтының осы Меңлібай атасынан кезінде Шалқар шешен шыққан болатын. Өкінішке орай, оның өміріне байланысты тарихи деректер тым аз.

Жәші:

9 Махамбетов Ш. Тарақты – Орта жүздің ноқта ағасы. -24 б.

10 Сәрсекеев М. Тарақты және Қаракесек шежіресі. Алматы,1999

11 Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.

12 Махамбетов Ш. Тарақты – Орта жүздің ноқта ағасы. -137, 141, 149 бб.

13 Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі. -121 б.

14 Махамбетов Ш. Тарақты – Орта жүздің ноқта ағасы. -8 б.

15 Төреқұлұлы Н. Қазақтың 100 би-шешені //Қазақ әдебиеті. 25 маусым 1993 жыл. -25 б.

16 Махамбетов Ш. Тарақты – Орта жүздің ноқта ағасы. -9 б.

Ақселеу Сейдімбек Тарақтының Жәші атасынан Жәдікті, Бейімбетті, Қарышты, Тоққожаны, Толсоқты, Байқожаны таратады17. Ал, Шахзада қажының мәліметінде Жәшіден – Жәдік, Бейімбет, Қарыш үшеуі тарайды18. Шежіреші Жәдіктен - Әндіқожа, Байқожа, Тоққожаны таратады. Тоққожадан – Толсоқ, Тайқожа, Маман, Темірші тарайды19.

Әлі (Көпсары):

Тарақтының Әлі атасынан Ақселеу Сейдімбек Жантуды, Атанды, Жантоқаны, Бөкейді таратады20. Ал Шахзада қажы Әліден – Жанту, Жантоқа, Баянқарт, Шегір, Қызданды таратады21. Тарақтының бұл атасынан Еуропаға қазақ әнін алғаш естірткен Парижде, Майн-Франкбургте, Мәскеуде шырқата ән салып, қазақ ӛнерін кеңінен насихаттаған майталман әнші Әміре Қашаубайұлы шыққан. Оның шежіресі былай таратылады: Әлі – Жанту – Атан - Әлмәнбет – Есенәлі – Шәку – Қашаубай - Әміре22.

Сары:

Ақселеу Сейдімбек Тарақтының Сары атасынан – Ақымбет, Тоқымбет, Жауқашар, Есімбет, Асқат, Төлеш деген рулық тармақтарды таратады23. Ал Шахзада қажыда Сарыдан – Ақымбет пен Тоқымбет тарайды. Ақымбеттен – Бешей мен Көшей, Тоқымбеттен – Сүйлес және Бөлек тарайды. Мұнда Жауқашар есімі жоқ24.

Әйтей:

Тарақтының бұл атасынан Ақселеу Сейдімбек Арыстанбай және Жанай ру тармақтарын таратады25. Ал Шахзада қажының мәліметтерінде Әйтейден – Жанай, Арыстанбай, Жанбай, Үйсінбай тарайды26.

Қарашие (Көгедей):

Көгедейден Ақселеу Сейдімбек бір ғана Былықты таратады27. Ал Шахзада қажының мәліметтері бойынша Қарашиеден (Көгедейден) – Былық, Келіс, Жәдік үшеуі таратылады28.

Апай:

Ақселеу Сейдімбектің мәліметтері бойынша Апайдан – Жылқыайдар, Қойайдар, Әліайдар, Орыс ру тармақтары тарайды29. Шахзада қажының мәліметтері де осы деректерді растайды30.

Тоқтауыл:

Ақселеу Сейдімбектің мәліметі бойынша Тоқтауылдан – Төлеш, Жұлдыз, Жұмыр, Дау, Қарға, Ақыл, Есет, Тілеуімбет, Еден, Жапалақты таратады31. Ал Шахзада қажының мәліметтері бойынша Тоқтауылдан – Жұлдыз, Жұмыр, Қарға, Ран, Ақыл, Есет, Тілеуімбет, Еден, Жапалақты таратады32.

Алакөз, Қосанақ және Шәуке:

Тарақтының бұл аталары туралы шежіре деректері жоқтың қасы. Осы тайпаның

шежіре деректерін жинаумен айналысып жүрген азаматтар әзірге осы тайпаға байланысты шежіре мәліметтерін жариялай қойған жоқ. Ақселеу Сейдімбек өзінің мәліметінде бұл ата

17 Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.

18 Махамбетов Ш. Тарақты - Орта жүздің ноқта ағасы. -178 б.

19 Сонда, -158, 166, 169 бб.

20 Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.

21 Махамбетов Ш. Тарақты - Орта жүздің ноқта ағасы. -95 б.

22 Сәрсекеев М. Тарақты және қаракесек шежіресі. -26 б.

23 Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.

24 Махамбетов Ш. Тарақты - Орта жүздің ноқта ағасы. -24, 88 бб.

25 Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.

26 Махамбетов Ш. Тарақты - Орта жүздің ноқта ағасы. -218 б.

27 Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.

28 Махамбетов Ш. Тарақты - Орта жүздің ноқта ағасы. -209 б.

29 Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.

30 Махамбетов Ш. Тарақты - Орта жүздің ноқта ағасы. -191, 194 бб.

31 Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.

32 Махамбетов Ш. Тарақты - Орта жүздің ноқта ағасы. -196 б.

“Жиделібайсында сегіз болыс ел болып, өзбек пен түркменге сіңіп кеткен” дегенді айтады33.

Келіс (Әлеуке):

Тарақтының бұл атасына байланысты жалғыз мәлімет Шахзада қажы жинастырған

және жариялаған шежірелік деректерде ғана кездеседі. Мұнда Қармыстан - Әлеуке, одан Сүгірәлі, одан Көбей мен Ебей тарайды. Ал Көбейден – Қарпысбай, Алпысбай, Өтеу ұрпақтары таралады. Ебейден – Елқонды, одан Тұяқ, одан Мұса, Ізбасар, Елжан таралады34.

Шежірелік деректерді айқындай түсуде Тарақтыдан шыққан атақты Тұяқ шешеннің жырмен жазылған мәліметтері көмектесетінін айта кеткен жөн. Онда Тарақтының қыздарынан туған атақты адамдар төмендегіше сипатталады:

Қаз дауысты Қазыбек би О да менің жиенім Қаракерей Қабанбай

О да менің жиенім

Қанжығалы Бөгенбай О да менің жиенім Шақшақұлы Жәнібек О да менің жиенім Ошақтыда Сапабек

О да менің жиенім Қарсендегі ер Көпбай О да менің жиенім Тобықтыда Құнанбай О да менің жиенім

Дәулет, Байзақ Мәмбет О да менің жиенім Дүкенұлы Ықылас

О да менің жиенім

Ботбай-шымыр Сыпатай О да менің жиенім Шұбыртпалы Ағыбай

О да менің жиенім35.

Осы деректер Тарақтыдан тараған атақты адамдар арасында бүкіл қазаққа белгілі, мақтаныш етуге татырлық әйгілі азаматтардың кездесетінін аңғартады. Оларды талдап жату әрине, біздің міндетіміз емес.

Тарақтының шежіресіне жасалған шағын талдау бізді мынадай қорытындыға алып келді. Бұл тайпаға байланысты шежіре деректері әлі де толық жиналмаған. Бір кездері оның құрамына кірген аталардың кейбірінің шежірелері мүлде белгісіз. Осының бәрі Тарақты тарихын зерттеуді күрделендіре түседі. Кезінде өзі де осы тайпадан шыққан Ақселеу Сейдімбек ел арасын аралап, шашырап кеткен Тарақтылардың шежіресін бір ізге түсіруге барынша күш салған еді. Біз өзіміздің Тарақтыға байланысты зерттеулерімізді жүргізгенде Ақселеумен тығыз қарым-қатынаста болып, жұмыстар жасаған едік. Ахаң Тарақтының толық тарихының жеке жазылғанын армандаушы еді. Алайда қолда жинақталған деректердің тапшылығы мұндай іргелі жұмысты дүниеге келтіруге мүмкіндік бере қойған жоқ. Сондықтанда көптомды қазақ ру-тайпаларының тарихын жазған кезімізде Тарақтыны Арғын тарихына қосып жазуға мәжбүр болдық. Солай бола тұрса да жаңа тарихи деректер табылып жатса, тарихшылар бұл тайпаның тарихын бір ізге

33 Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.

34 Махамбетов Ш. Тарақты - Орта жүздің ноқта ағасы. -215-216 бб.

35 Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.

түсіріп, жүйелі де толығырақ жазуды алда қолға алулары керек. Сонда Ахаң бастаған іс баянды бола түсер еді.

alashainasy.kz
  • Просмотров: 2978

  • Написал: Antonol
  • Дата: 21 июля 2015 20:43
  • Группа: Посетители
Я даже видео видел по этой теме. Сейчас скину ссылку, если найду.
  • Написал: Marionlew
  • Дата: 7 декабря 2016 10:10
  • Группа: Посетители
Даже и добавить нечего. Молодцы. ----- http://kinogo-ru.net/filmy-2016-goda/2714-passazhiry.html Переписка поражает мой разум ----- http://helper-windows.ru/block-site/
  • Написал: TerryNig
  • Дата: 3 февраля 2017 00:09
  • Группа: Посетители
Жаль вы не знаете что с этим делать ----- ключ для видеомастер
  • Написал: KelvinCouth
  • Дата: 9 февраля 2017 17:36
  • Группа: Посетители
Го го пацы я создал ---- Секс подростков с мамочкой А вы говорите я не найду такое ----- камасутра фото
  • Написал: EmilioHaild
  • Дата: 10 февраля 2017 17:59
  • Группа: Посетители
Какая смешная шутка что сказать нечего ----- локальная покраска бампера стоимость
  • Написал: CharlesEquib
  • Дата: 17 февраля 2017 05:36
  • Группа: Посетители
Follow just your own way Follow just your own way ----- luke bryan tour dates for 2017
  • Написал: GregoryUnlah
  • Дата: 23 февраля 2017 01:05
  • Группа: Посетители
Я вас понял, пруф прикрепил к материалу ----- windows 10 pro активация
  • Написал: Briandrorm
  • Дата: 27 марта 2017 19:03
  • Группа: Посетители
In a one-horse open sleigh ----- shop dumps cc
  • Написал: Zacharymak
  • Дата: 29 марта 2017 02:11
  • Группа: Посетители
Где скачать лучшие активаторы для операционны
093; систем? активатор windows 7 максимальна
103;
  • Написал: Lorenzoziple
  • Дата: 31 марта 2017 17:37
  • Группа: Посетители
  • Написал: WilliamVet
  • Дата: 10 апреля 2017 00:04
  • Группа: Посетители
  • Написал: JoshuaNus
  • Дата: 19 апреля 2017 19:04
  • Группа: Посетители
Контакты
Елеш Арман
основатель проекта
       arman_elesh@mail.ru
       arman@tarakty.kz

тел: +77770014248

Полезные ссылки
Единое шежіре казахов
http://elim.kz

Форум казахов
http://kazakh.ru

Наши партнеры
http://www.atababa.kz